Әлемде қай президенттің рейтингі жоғары?

2015
0
Бөлісу:

Шындығында қай елдің басшысына қазіргі уақытта жұртшылық сеніммен қарайды? Анығына келсек, бұл қаншалықты ақиқат?

Осы аптаның басында АҚШ-тың қоғамдық пікірді зерттеу орталығы өзінің қорытынды нәтижелерін жария етті. Зерттеу көрсеткіштеріне сенсек, бүгінгі таңда Ақ үйдің басшысы Дональд Трампқа қарағанда, Ресей президенті Владимир Путиннің рейтингі жоғары тұр екен. Сауалнамаға қатысқандардың 30 пайыздан астамы Ресей басшысы халықаралық аренада дұрыс саясат жүргізіп отыр деп санайды. Онан кейінгі орында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзинпинь тұр. Оған сауалнамаға қатысқандардың 27 пайызы дұрыс әрі  жағымды көзқараста жауап берген. Ал бүгінгі таңда әлем халқының басым көпшілігі қай басшының жүргізген саясатын қолдап отыр? Зерттеу нәтижесі көрсеткеніндей, Германия канцлері Ангела Меркельдің рейтингісі өте жоғары.  Жұртшылықтың 52 пайызы Германия канцлерінің қазіргі кезеңдегі ұстанып отырған көзқарасын құптайды. Сауалнамаға жауап бергендердің 52 пайызы Меркельдің халықаралық аренадағы саясатын дұрыс деп тапқан.

Ал респонденттердің көпшілігі АҚШ Президенті Дональд Трамптың немесе АҚШ-тың халықаралық қоғамдастықтағы ролінің төмендеп немесе жағымсыз сипат алып бара жатқанын жоққа шығармайды. Олардың айтуына қарағанда, бүгінде АҚШ ғаламдық проблемаларды шешудің орнына басқа бір елдердің ісіне араласып, түйткілді мәселелерді шешуге аса құлық танытпай отыр. Мұны АҚШ президенті Долнальд Трамптың қазіргі қолайсыз саясатынан көріп отырғандар өте көп. Ал сауалнамаға жауап берген азаматтардың көпшілігі Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзинпинь шиеленіскен халықаралық жағдайды реттеуде жағымды роль атқарып отыр деп санайды. Айта кету керек, Американың қоғамдық пікірді зерттеу орталығы сауалнама барысында әлемнің 26,1 мың адамынан жауап алған.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*