Өнерлі өрендер

697
0
Бөлісу:

Алматыдағы «Темір дос» спорт кешенінде тұңғыш рет еліміздің аэробты гимнастикасының ашық кубогі өтті. «Kazakhstan Open Cup» халықаралық турниріне Әзірбайжан, Өзбекстан, Астана, Алматы қалаларынан 5-15 жас аралығындағы 70-ке жуық балалар мен жасөспiрiмдер қатысты.

Ұйымдастырушысы – Қазақстанның гимнастика федерациясы. Бас Бапкер – аэробты гимнастика бойынша спорт шеберi Динара Сыздықова. Қазылар алқасының құрамында бас бапкермен қоса, Юлия Демченко (Астана), Альфия Мантова (Баку), Ольга Толлинг (Ташкент), Вероника Дуповнова (Астана), Наталья Сизикова (Алматы) сынды спорт майталмандары төрелік етті. Халықаралық доданың қорытындысы бойынша Мөлдір және Аяулым Карановалар, Әдия Жұманазар, Әмина Абдуллина, Айша Сейілхан, Аделина Вафина, Виктория Муркина, Диляра Валиева жеңімпаз атанды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*