Дәстүрлі дінді дәріптеу қажет

523
0
Бөлісу:

Жамбыл облысы әкімдігі Оңалту орталығының қолдауымен Тараз қаласы және Жамбыл, Қордай, Шу аудандарында дәстүрлі емес діни ағымдар ықпалына ұшыраған 20-ға жуық азаматшамен жеке кездесу жұмыстары мен облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде мешіт азаматшаларымен кездесулер өтті.

Шараны облыстық «Қазақстан Студенттері альянсы» жастар қоғамдық бірлестігі «Рухани жаңғыру» бағдарла­масы шеңберінде дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматшалар арасында бейімдеу жұмыстарын жүргізу жобасы аясында ұйымдастырды. Мақсаты – «Діни бір­лестіктер туралы» заңды түсіндіру, сон­дай-ақ діннің адам өмірінде ала­-тын орны туралы мәлімет беріп, қазіргі діни ағымдар туралы жалпы түсінігін қалыптастыру.
Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы, дінтанушы Зейнеп Үсенова азаматшалардың діни бағы­тын, білімін анықтау мақсатын­дағы сұрақтарға жауап беріп, діни экстре­мизм мен терроризмнің зардаптары, шығарып жатқан бүліктері жайлы тү­сіндірді. Сондай-ақ діннің негізгі нормалары жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
М.Дулати атындағы Тараз мемле­кеттік университетінің оқытушысы, психолог Айгүл Абдрахманова азамат­шалардың психологиялық портретін жасап, бірқатар кеңес берді. Сонымен бірге, діни экстремизм мен терроризм­нің қоғамға тигізер зияны мен зар­даптары және олармен күресу жолда­рын жүргізу туралы атап айтты.
Бұған қоса, медресе шәкірттерімен Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне, Қарахан баба кесенелеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қасиетті жерлерімізді жастар арасында дәріптеу, таныстыру мақса­тында экскурсия жұмыстары ұйымдас­тырылды.

Бибінұр СЕЙІТБЕК,
Жамбыл облысы
«Қазақстан Студенттері алянсы»
Жастар қоғамдық бірлестігі
төрағасының орынбасары

Бөлісу:

Пікір жазу


*