Түркияда білім алуға мүмкіндік бар

481
0
Бөлісу:

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев Түркиядан арнайы келген қонақ, Анкара музыка және өнер университетінің ректоры Ерол Парлак мырзамен өзара келіссөздер жүргізді.
Қос тарап кәсіби музыкалық бағытта бір-бірімен тәжірибе алмасуына, ұстаздар мен студенттердің, студенттік шығармашылық ұжымдардың жан-жақты өсуіне ықпал етуге мүмкіндік барын тілге тиек етті.
Кездесу нәтижесі бойынша екі жақты қарым-қатынасты нығайту үшін ұлттық консерватория тарапынан меморандум жасалып, түркиялық әріптестерге ұсынылды. Бауырлас елден келген құрметті қонағымыз көп ұзамай келісімге келіп,

құжатқа қол қойылатынына сенім білдірді.
Қаншайым Байдəулет

Бөлісу:

Пікір жазу


*

Оқуға кеңес береміз