GGG: Мен бұл кездесуде жеңілген жоқпын

1713
1
Бөлісу:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен болған екінші жекпе-жегіне қатысты ресми пікір білдірді.

«Мен бұл жекпе-жекті жеңгеніме сенімдімін, алайда төрешілер бұл жеңісті маған берген жоқ. Бұл менің проблемам емес. Мен өз жұмысымды істедім. «Канелоға» барынша көп соққы жасадым. Өте ауыр соққылар. Осы жолы агрессиялы түрде қимылдады, бірақ соққыларды жеткілікті деңгейде жасаған жоқ. Менің белбеулерімді тартып алатындай деңгейде жұдырықтаспады. Оның іс-әрекеті мен үшін таңғаларлықтай болмады, себебі біздің өз стратегиямыз болған.

Адамдар менің жасыма қатысты айтып жатқан көрінеді? Мен бұл кездесуде өзімді жеңілдім деп есептемеймін. Ал адамдар жеңіліске жауап тапқысы келіп, менің жас мөлшерімді әңгіме қылады. Мен «Канеломен» үшінші кездесуге шыққым келеді. Бұл нақты. Бірақ ол алдымен ыңғайлы шарттарға көнуі керек» депті Головкин.

Еске салсақ, ремачта төрешілер «Канелоға» басым дауыс берген. Ал алғашқы жекпе-жек тең аяқталған болатын.

Бұған дейін Головкиннің өзінің промоутері Том Леффлермен кездесіп болашақ жоспарларын талқылағаны туралы айтқан едік.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

1 пікір жазылған

Пікір жазу


*