ТӘЖІКСТАН – СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕС

719
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

– Елдеріміз арасында өзара сенімге негізделген қарым-қатынас орнады. Біз Тәжікстанға әрдайым көмек көрсетіп, қол­дау білдірдік. Бүгінде осы ынтымақтастығымызды терең­детіп, өзара сауда-саттықты ілгерілетуді көздеп отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері ара­сындағы байланыстарды одан ары нығайту және интеграция­лық үдерістерді кеңейту үшін шаралар қабылдаудың маңызды екеніне назар аударды.
Тәжікстан Президенті екі ел арасында қалыптасқан қатынастардың стратегиялық сипаты туралы айтты.
– Қазақстан – Тәжікстанның негізгі стратегиялық және экономикалық әріптестерінің бірі. Біздің сауда-экономикалық қатынастарымыз кеңейіп келеді, – деді Э.Рахмон.
Тәжікстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ха­лықаралық аренадағы беделін ерекше атап өтіп, экономикалық және саяси тұрғыдан қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылық білдірді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*