АРМЕНИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫМЫЗ БЕКЕМ

710
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде ілгерілеп келе жатқанына тоқталып, оны кеңейтудің әлеуеті жеткілікті екенін атап өтті.
– Қазақстан Армениямен әрдайым жақсы қарым-қаты­наста болды. Елдеріміз арасындағы сауда айналымы былтыр 60 пайызға жуық өсті. Бұл үрдіс қазір де жалғасын тауып отыр. Мұнымен шектелмейтінімізді атап өткім келеді. Үкіметтеріміз екіжақты байланыстарды нығайту үшін күш жұмылдыруы керек. Біздің компанияларымыз екі елдің де экономикасына инвестиция құя алады, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы еңбек миграциясы мәселелеріне және екі ел кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды кеңейту қа­жеттігіне тоқталып, ол үшін тиімді жағдай жасалғанын атап өтті.
Н.Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесуге және мем­лекетаралық байланыстарды одан ары нығайту ісіндегі маңыз­ды мәселелерді талқылауға мүмкіндік туғызғаны үшін риза­шылық білдірді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*