САУДА ҰЙЫМЫНА СЕНІМ МОЛ

939
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберту Азеведумен кездесті.
Кездесуде тараптар әлемдегі қа­лып­тасқан жағдайға байланысты сау­да-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты пікір алмасты. Сон­дай-ақ 2020 жылы Астанада өтетін Дү­­ниежүзілік сауда ұйымының ХІІ Ми­нистрлер конференциясына дайын­дық барысын талқылады.
– Сізбен Астанада қайта жүз­дес­ке­ні­ме қуаныштымын. Қазақстан Дү­ние­жүзілік сауда ұйымына мүше болар кез­де елімізге үлкен қолдау көрсет­ке­ніңіз­ді білеміз. Бүгінде біздің ел ұйы­м­ның белсенді мүшесі саналады. 2020 жы­лы Астанада конференция өткізу жө­нінде шешім қабылданды. Біз осы ша­раны тиісті деңгейде өткізу үшін күш жұмылдырамыз, – деді Қазақстан Пре­зиденті.
Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік сауда ұйымының елдер арасындағы сау­да-экономикалық қарым-қаты­нас­тарды нығайтуды және кеңейтуді көз­дейтін басты қағидаттарын Қазақ­стан­ның толық қолдайтынын атап өтті.
Роберту Азеведу Н.Назарбаев­қа қо­нақ­жайлық танытқаны және Қазақ­стан мен Дүниежүзілік сауда ұйы­мы­ның алдағы ынтымақтастығына ар­­­налған мәселелерді талқылауға мүмкіндік бер­гені үшін алғыс білдірді.
– Женевадағы соңғы кездесуімізден кейін Қазақстан мен Дүниежүзілік сау­да ұйымы арасындағы ынтымақ­тас­тықтың тереңдегенін нық сеніммен ай­та аламыз. Сіздің еліңіз көпжақты сау­да жүйесін дамыту қағидаттарын әр­дайым берік ұстанып келеді. Біз Қа­зақстанның 2020 жылы Министрлер кон­ференциясын өткізуге келісім бер­геніне қуаныштымыз. Бұл бүгінгі әлем­де болып жатқан оқиғаларға бай­ланысты ерекше маңызға ие болып отыр, – деді Дүниежүзілік сауда ұйы­мы­ның бас директоры.
Сондай-ақ Р.Азеведу жетекші дер­жавалар арасындағы сауда-экономика мә­селелеріне қатысты шиеленістің бас­қа елдерге тигізетін салдарына тоқ­талды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*