Ұлттық қауіпсіздік – ұлттың тірегі

688
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі –  Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжановты қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет Басшысы Қауіпсіздік кеңесінің ұлттық қауіпсіздікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіруді жүзеге асыратын арнайы орган екенін атап өтті.
– Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа заң Кеңестің өкілеттігін мейлінше кеңейтеді. Осыған байланысты нормативтік құқықтық базаны, соның ішінде құқық қорғау және арнайы қызмет органдарының жұмысын реттейтін құжаттарды егжей-тегжейлі зерттеу қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Бөлісу:

Пікір жазу


*