«СЫРБАР» БАСШЫЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

878
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің басшылық  құрамымен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы барлау қызметінің ұжымына жаңа директор Исатай Сартаевты және директордың бірінші орынбасары Нұрлан Оразовты таныстырды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес И.Сартаев ант қабылдады.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті жаңа басшылыққа сыртқы барлау қызметі жұмысының негізгі басымдықтары туралы айтып, бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*