Шоу-бизнес өкілдері онлайн арқылы жүргізуші куәлігін алды

750
0
Бөлісу:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы Мамандандырылған ХҚО бөлімінде автокөлік иелеріне арналған акция өтті.

Акцияға композитор әрі әнші-педагог Алтынбек Қоразбаев, әнші, актриса Айжан Нұрмағамбетова және тағы басқа  өнер майталмандары қатысты. Отандық шоу-бизнес өкілдері күні бойы электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беріп, азаматтарға жүргізуші куәлігін тез әрі оңай алу жолдарын көрсетті.

–Әрбір адам  құжаттарын ауыстыру үшін күн тәртібін бұзбай, өз уақытын үнемдеуіне жағдай жасау мақсатында мұндай акцияларды автобазарларда, сауда орталықтарында және тағы басқа адамдар көп жиналатын орындарда өткізіп жүрміз, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.

Акция барысында айтулы қонақтар ЭЦҚ жазып алып, мобильді үкіметке тіркелді, айыппұл, салық берешектерін тексеріп, төлемдер жасады. Сонымен қатар, олар басқа  автокөлік иелеріне «Жүргізуші куәліктерін беру»,  «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызметтерін онлайн алу үдерісін көрсетті.

Көптеген мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алу еш қиын емес. Ол үшін pki.gov.kz  арқылы ЭСҚ алуға өтініш беріп, мемлекеттік корпорацияның кез-келген фронт-офисіне барып өтінішін растап, қажет болса өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан қызмет алуға байланысты  толық кеңес алуына болатынын естеріңізге саламыз.

  «Айқынның» анықтамасы: Жыл басынан бері Алматы қаласы №1 Мамандандырылған ХҚО-дан 69206 жүргізуші куәлілігі, оның ішінде онлайн түрінде 888 жүргізуші куәлігі алынған. 282874 автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу қызметтері тіркелген. Онлайн түрде – 237. Атап айтар болсақ, күніне 1500-2300 адамға қызмет түрлері көрсетіледі.

Еркін ҚАЛДАН

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*