Футболдан Еуропа чемпионатын өткізетін ел анықталды

872
0
Бөлісу:

2024 жылы футболдан Еуропа чемпионатын қабылдайтын мемлекет анықталды.

УЕФА атқарушы комитеті мүшелері дауыс бергеннен кейін Германия Түркиядан басым түсіп, құрлықтық футбол додасын өткізу құқығын жеңіп алған. Дауыс берген 14 шенеуніктің басым бөлігі Германияның кандидатурасын жақтаған. Жеңімпаз тараптың берген өтініші үшін Райнхард Гриндель мен Филипп Лам жауапты болған. Осылайша, Германия турнир қожайыны ретінде Еуро-2024 бәсекесіне қатысатын алғашқы ел атанды. Құрлықтық доп додасында барлығы 24 команда бақ сынайды.

Еуропа чемпионаты 2024 жылы маусым-шілде айларында өткізілуі мүмкін. Чемпионатты Германияның 10 қаласы қабылдайды: Берлин, Мюнхен, Лейпциг, Гамбург, Гельзенкирхен, Дортмунд, Дюссельдорф, Кельн, Франкфурт, Штутгарт.

Еске сала кетейік, ФГР 1988 жылы Еуропа чемпионатын өткізген болатын. Сондай-ақ германия құрлықтық доп додасының 3 дүркін чемпионы. Олар бұл атақты 1972, 1980 және 1996 жылдары ұтып алған.

Ал 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионаты кәрі құрлықтың 12 қаласында өтеді деп жоспарлануда. Себебі, чемпионатты өткізуге қандай да бір нақты мемлекет бекітілмеген.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*