Ақмола әкімдігі бюджет қаржысына сыра алмақшы

1178
0
Бөлісу:

Ақмола облысының әкімшілігі бюджет ақшасына сыра мейрамын өткізуді қолға алыпты. Бұл туралы «Zertteu Research Institute» ұйымының директоры Шолпан Әйтенова Фейсбуктағы парақшасында бөлісті.

Ұйымдастырушылар Астана қаласының 20-жылдығы аясында өткізілетін «Oktober Fest» фестиваліне 11,7 млн теңге жұмсауды көздемекші. Оған 1000 литр сыра және мыңға жуық адамды кәуаппен тамақтандырмақшы көрінеді. Қазан айына жоспарланған шара Бурабайды өткізіледі. Мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланған құжатқа сенсек ашық конкурсқа 28 қыркүйек күні өтінім қабылдайды.

Желіде бұл бастама қызу талқыға түсіп жатыр. Алматы облысы, Іле ауданының мәслиxат xатшысы Роза Абилова мұндай шараларды жеке бастамашылардың есебінен өткізген абзал екенін жазуда. Халықты сыра мен кәуап емес, сапасыз жолдар, ауыз-су мәселесі алаңдататынын жеткізді.

А.Беков

Бөлісу:

Пікір жазу


*