Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымын реформалауға шақырды

589
0
Бөлісу:

Қазақстанның  Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас Ассамблеясы 73 – сессиясының барысында Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) сыртқы істер министрлері кеңесінің 24 – отырысына қатысты.

Министр өз баяндамасында Қазақстан көлік, сауда, инвестиция, энергетика және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы өңірлік ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуетін атап өтті. Ұйымды реформалау мәселесіне айрықша назар аударылды. Министр ұйымға мүше елдерге қатысты практикалық пайдаға көбірек бағытталуы қажет екенін баса айтып, Қазақстан ұсынған бірқатар реформалық ұсыныстарды қолдауға шақырды.

Кездесуге қатысушылар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. Қазақстан аталған Ұйымға 1992 жылы қосылды. Қазіргі уақытта Ұйымға 10 мемлекет (Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан) мүше болып табылады.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*