ЕЛБАСЫ ЖЕДЕЛХАТ ЖОЛДАДЫ

779
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысының төрайымы Нгуен Тхи Ким Нганға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Вьетнам Со­­циалистік Республикасының Пре­­зиденті Чан Дай Куангтың қай­тыс болуы туралы хабарды зор күй­зеліспен қабылдады.
«Осы қайғылы сәтте орны тол­мас қазаға ортақтаса отырып, Сізге, мар­құмның отбасына және туған-туыс­тарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл ай­тамын.
Чан Дай Куанг бар ғұмырын Вьет­­­­намның дамуы мен өркен­деуі­не, халықаралық аренадағы беделін арт­тыруға арнады. Ол елдеріміз ара­сындағы достық және серіктес­тік қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқан көрнекті қайраткер ре­тінде қазақстандықтардың есінде қа­лады» делінген жеделхатта.

Бөлісу:

Пікір жазу


*