АБАТ ҚАЛА АСТАНА

715
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты.
Қазақстан Президентіне Астана қа­ласын одан ары дамытудың және тұр­ғын үй алаптарында құрылыс жүргізудің жоспары таныстырылды.
Мемлекет басшысы елорда тұрғын­дарының тұрмысы үшін қолайлы жағдай жасаудың әлеуметтік маңызы жоғары екеніне тоқталып, қала құры­лысында кешенді әдіс қолданудың қажеттігін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев қала халқын қолжетімді әлеуметтік нысандармен, соның ішінде білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты.
Сонымен қатар Елбасы шаһарды көгалдандыру, қалада көлік қатынасын оңтайландыруға мүмкіндік беретін автотұрақтар мен жолайрықтар салу мәселелеріне назар аударды.
Астана әкімі Б.Сұлтанов Мемлекет басшысына елордада әлеуметтік, коммерциялық, әкімшілік және тұрғын үй нысандарын салудың жоспарлары туралы мәлімдеп, қала инфра­құрылымын дамытудың перспек­тивалары жөнінде баяндады. Қала басшылығының ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері елордада 1,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген және жыл соңына дейін тағы да 2,3 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Бөлісу:

Пікір жазу


*