Головкин алғашқы жеңілісінен соң әйгілі HBO арнасымен келісімшартты тоқтатты

1756
0
Бөлісу:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин әйгілі америкалық HBO телеарнасымен келісімшартын үзді. Мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы өткізген кездесуі – телеарнамен жасаған келісімшарт бойынша Головкиннің соңғы жекпе-жегі екен.

Головкиннің командасы мен телеарна 2012 жылы ортақ келісімге келген. Сол уақыттан бері HBO Головкин жұдырықтасқан 14 жекпе-жекті тікелей трансляциялаған. Енді Головкиннің командасы басқа да нұсқаларды қарастырып көрмек.

ЖАПОН ПРОМОУТЕРІ ГОЛОВКИНДІ АЗИЯҒА ШАҚЫРДЫ

Соңғы уақытта HBO телеарнасына көптеген бәсекелестер табылған. Мәселен, Showtime, ESPN және Fox телеарналары кәсіпқой бокс нарығында белсенді жұмыс істеп, өздерінің аудиторияларын әлдеқайда арттырған болатын. Сонымен қатар соңғы уақытта жұмысын бастаған DAZN сервисі де үлкен бәсекелестік тудырып тұрған жағдайы бар. Инсайдер Дэн Рафаэльдің айтуынша, Головкин алдағы уақытта ESPN телеарнасымен келісімшартқа отыруы мүмкін.

ГОЛОВКИНДІ ЖЕҢГЕННЕН КЕЙІН АЛЬВАРЕС ҰЛДЫ БОЛДЫ

«Егер Головкиннің келісімшарты расымен аяқталған болса және ол енді бұдын былай еркін агент атанса, HBO арнасымен қайтара келісімге келмесе, онда мен оны ESPN арнасынан көремін» деп жазыпты Рафаэль желідегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Головкин мен Альварес арасындағы матч-реванш 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өткен болатын. Бір жыл бұрынғы олардың жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталған. Қарымта жекпе-жек те 12 раундқа созылды. Оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бір ауыздан «Канело» Альвареске берген. Ал Головкин үшін бұл жеңіліс – карьерасындағы алғашқы жағымсыз статистика ретінде тіркелді.

МАКГРЕГОР МЕН НҰРМАГОМЕДОВ КӨЗ ТҮЙІСТІРІП, ТӨБЕЛЕСЕ ЖАЗДАДЫ (ВИДЕО)

Головкиннің ізін ала «Канело» да HBO арнасынан кетуді ойластырып жатқан көрінеді. Оның промоутері Оскар Де Ла Хойя ендігі ретте кез келген ұсыныстарға ашықпыз деп жариялады.

ГОЛОВКИННІҢ РИНГТЕН НЕЛІКТЕН СҰХБАТ БЕРМЕЙ КЕТІП ҚАЛҒАНЫНЫҢ СЕБЕБІ АНЫҚТАЛДЫ

«HBO «Канелоны» өзінде сақтап қалу үшін не ұсыныс тастайды екен? Оны уақытысында көреміз. Ал әзірге бұл каналды он есе орап кете алатын бірнеше бәсекелестер пайда болды. Олардың нарықтағы қарқыны өте жоғары» деп бағалапты Golden Boy Promotions басшысы.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*