Жапон промоутері Головкинді Азияға шақырды

1035
0
Бөлісу:

WBA тұжырымы бойынша орта салмақтың тұрақты әлем чемпионы Риота Муратаның промоутері өз шәкіртінің Геннадий Головкинмен кездесуі мүмкін екенін хабарлады.

Жапониялық Teiken Boxing  промоутерлік компаниясының басшысы Акихико Хонда Головкин-Мурата жекпе-жегінің 2019 жылы Токиода өтуі мүмкін деп хабарлайды. Промоутер кездесу өткізуге ең ыңғайлы орын ретінде Tokyo Dome аренасын атаған. Дәл осы аренада кезінде Майк Тайсон қарсыласы Бастер Дугластан жеңіліп қалған. Бұл жекпе-жек бейресми түрде бокс тарихындағы ең ұлы сенсация ретінде қалды.

МАКГРЕГОР МЕН НҰРМАГОМЕДОВ КӨЗ ТҮЙІСТІРІП, ТӨБЕЛЕСЕ ЖАЗДАДЫ (ВИДЕО)

«Хонданың ойынша, Головкиннің сегіз жыл бойы орта салмақ әлемін билеп-төстеуі оның өзінде бар титулдарын сақтап қалуына көмектескен жоқ. Ол Мурата-Головкин кездесуі Жапонияда үлкен ажиотаж тудырады деп есептейді» деп жазады Nofight.com сайты. Еске салайық, Муратаның келесі кездесуі Лас-Вегастағы Park Theater аренасында өтпекші. Ол өзінің титулына міндетті үміткер америкалық Роб Брантпен жұдырықтасады.

ГОЛОВКИННІҢ РИНГТЕН НЕЛІКТЕН СҰХБАТ БЕРМЕЙ КЕТІП ҚАЛҒАНЫНЫҢ СЕБЕБІ АНЫҚТАЛДЫ

Бұған дейін Головкин мен Риота арасындағы кездесуді ұйымдастыру туралы Top Rank  компаниясының басшысы Боб Арум да айтқан болатын. Арум да жапон боксшысының промоутерлерінің бірі саналады. 2018 жылы сәуір айында берген сұхбатында Головкиннің промоутері Том Леффлер де бұл кездесудің болатынын жоққа шығармаған еді.

2014 жылдары Мурата Головкиннің спарринг-серіктестерінің бірі болған. Жапон боксшысы Головкиннің австралиялық Дэниэл Гилға қарсы өткізетін жекпе-жегінің алдында көмектескен. Ол кездесуде GGG қарсыласын үшінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

ГОЛОВКИНДІ ЖЕҢГЕННЕН КЕЙІН АЛЬВАРЕС ҰЛДЫ БОЛДЫ

Жапон боксшысы 2012 жылы Лондон олимпиадасында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тағынған. Ал Головкин дәл осы салмақты Афины олимпиадасында (2004) күміс жүлдегер атанған еді.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*