Головкиннің рингтен неліктен сұхбат бермей кетіп қалғанының себебі анықталды

1304
0
Бөлісу:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің шаршы алаңнан неліктен сұхбат берместен түсіп кеткенінің себебін түсіндірді. Головкин мексикалық «Канело» Альварестен жеңілгеннен кейін шаршы алаңнан шығып, киіну бөлмесіне кетіп қалған болатын.

ГОЛОВКИНДІ ЖЕҢГЕННЕН КЕЙІН АЛЬВАРЕС ҰЛДЫ БОЛДЫ

16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Альварес төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Осылайша, мексикалық боксшы Головкинге тиесілі барлық титулдарды өзінің беліне тақты. Альварестің жеңіске жеткені хабарланғаннан кейін рингте боксшының жақтастары тойлатуды бастап кеткен болатын. Ал бұл уақытта Головкин өзінің командасымен бірге киіну бөлмесіне кетіп қалған.

«Себебі, «Канело» рингте өзінің жеңісін атап өтіп жатты. Геннадий маған қарап: «Қазір оның уақыты. Оған уақыт берейік. Бізде сұхбат беруге сәл кейінірек уақыт болады» деді. Көптеген жағдайлар болды, қаншама сөз айтылды, қалай болғанда да бұл сәт – «Канелоның» бақытты шағы болып қала береді» депті Санчес.

Жекпе-жектен кейін Невада штатының атлетикалық комиссиясы Головкин мен Альваресті жарыстардан шеттетті. Бұл олардың денсаулық жағдайларына байланысты қабылданған шешім. Финалдық гонг дауысынан кейін екі боксшы да дәрігерге жүгірген. Қазақстандық боксшының бетіне 8 жарақат түссе, Альварес 6 жарақат алған.

СЕРІК ҚОНАҚБАЕВ AIBA ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҰСЫНЫЛДЫ

Осы кездесуден соң Альварестің командасы үшінші жекпе-жектің болатыны туралы да хабарлап, елді елеңдетіп қойды. Дегенмен бұл туралы әзірге ресми хабарланбасы белгілі. Абель Санчес өз шәкіртінің биылғы жылы рингке шықпайтынын айтты. Ал Альварес қараша айында канадалық боксшы Давид Лемьемен кездесуі мүмкін. Еске салсақ, 2015 жылы Лемье Головкинмен кездесіп, нокаутпен жеңілген еді.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*