Қызметкер пара алса, министр жұмыстан кетеді

1014
0
Бөлісу:

Парамен ұсталып немесе күдікті болған қызметкері үшін басшылары жауап беретін заңды депутаттар Парламент қабырғасында Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қатысуымен қарайтын болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді.

Энергетика министрлігінде жемқорлыққа қарсы мәселелер төңірегінде өтіп жатқан шарада Олжас Бектенов парақорлыққа алып келетін кез-келген байланыстан бойды аулақ ұстауды ескертті.

– Егер қызметкері жемқорлықпен байланысы болса, басшылар тікелей жауап беруі керек. Заңға осындай толықтыруды енгізу үшін Парламент депутаттарының талқысына саламыз. Егер саясаттағы мемлекттік қызметкер болса – онда саяси жауапкершілікті мойнына алып, тиісті басшы орнын босату керек. Ал егер әкімшілік қызметкердің қарамағындағы жұмысшы парамен ұсталса, онда тікелей бөлім басшысы қызметтен кетуі тиіс. Мұндай бастаманы депутаттар қолдайды деп ойлаймын. Жақын күндері бұл ұсыныстар заңды кейіпке енуі тиіс, – деді Олжас Бектенов.

Министр де, басқа да басшылар өзінің қызметкерін тағайындар алдында оның қызметті мүлтіксіз орындайтынына көз жеткізуі тиіс екенін Олжас Бектенов қадап айтты. Керісінше болса, кеселді тағайындаушы өзі тартатынын жеткізді.

Асқар Бек.

Бөлісу:

Пікір жазу


*