ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ЕСЕБІ ТҮГЕЛ

777
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет бас­шысына Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп ко­митетінің қазіргі қызметі және мем­ле­кеттік бағдарламалардың аудиті, сон­дай-ақ өңірлердегі тексеру комис­сия­ларына көрсетіліп жатқан әдісте­ме­лік қолдау жұмыстары туралы мәлі­мет берілді.
Нұрсұлтан Назарбаев бюджет қар­жысын тиімді игеруді және оның қол­ды болуына жол бермеуді қамтамасыз ету ісіндегі Есеп комитетінің маңызды рөлін атап өтті.
– Есеп комитеті – мемлекет қар­жы­сының орынды игерілуін және бюд­жеттің атқарылуын тәуелсіз баға­лау­ды қамтамасыз ететін маңызды ор­ган. Қаражат тек көзделген мақсатқа бөлінуге тиіс, – деді Қазақстан Пре­зи­денті.
Н.Годунова «100 нақты қадам» Ұлт жос­пары аясында жүзеге асырылып жат­қан мемлекеттік аудит жүйесін әлем­дік стандарттарға сай жаңғыр­ту­дың барысы жөнінде баяндады.
– Қазіргі уақытта Есеп комитеті өз жұ­мысында қаржыға қатысты құқық бұзу­шылық фактілерін анықтау тә­жірибесінен гөрі тиімділікті баға­лау­ға басты мән беріп отыр. Біз қаржылық құ­қықбұзушылыққа негіз болатын се­беп­терді анықтау ісінде аудит нысан­дарына қолдау көрсетеміз және тиісті ұсынымдар береміз, – деді Есеп коми­тетінің төрайымы.
Сонымен қатар Н.Годунова Қазақ­стан Президентіне мемлекеттік бағ­дар­ламалар мен мемлекеттік орган­дар­дың стратегиялық жоспарларына ау­дит жүргізу және республикалық бюд­жетті жоспарлау кезіндегі алдын ала бағалау жұмыстары жөнінде баян­дады.
Кездесу соңында Қазақстан Пре­зи­денті бірқатар нақты тапсырма бер­ді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*