Бүркітші қыз атамекеніне келді

1874
0
Бөлісу:

Айшолпан Нұрғайыпқызы қазақ көрермені үшін жаңа есім. Алайда, әлемді дүр сілкіндірген «Бүркітші қыз» (The Eagle Huntress) деректі фильмі туралы айтылса, ондағы қазақ қызының образы бірден еске оралады. Міне сол – Айшолпан.

Енді Айшолпан «Қазақстан» РТРК АҚ тапсырысы бойынша түсірілген «Көшпенділер»  атты деректі  фильмге де түсті.

Ертең Орталық коммуникациялар орталығында арнаның басқарма төрағасы Ерлан Қариннің, Моңғолияда тұратын әлемге танымал қазақтың бүркітші қызы Айшолпан Нұрғайыпқызы мен анасы Алмагүл Көксегеннің қатысуымен деректі фильмге арналған брифинг өтеді.

Айта кетейік, алғашқы бөліміне түскен бүркітші қыз Қазақстанға тұңғыш рет келіп отыр екен.

А.Бек

Бөлісу:

Пікір жазу


*