ҚАРЖЫ МИНИСТРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

773
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметіне тағайындалды.


ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Мемлекет басшысы «2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Сондай-ақ Елбасы «1996 жылғы 12 маусымдағы Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметi­нің арасындағы келісімге өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республи­касының Үкiметi мен Өзбекстан Республи­касының Үкiметi арасындағы хатта­маны рати­фикациялау туралы» Қа­зақстан Республикасының заңына да қол қойды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*