СЕНАТҚА АТЫРАУЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕЛДІ

570
0
Бөлісу:

Парламенттің Жоғарғы палатасы төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Астанаға келген Атырау облысының бір топ ардагерлерімен кездесті. Халық шаруашылығы мен экономиканың әр саласында аянбай тер төгіп, елімізді көркейтуге атсалысқан атыраулық ардагерлер елордаға саяхаттап келген болатын.

Сенат вице-спикері Б.Бекна­заров кездесуді аша келе, бүгінде депутаттар корпусының атқарып жатқан жұмыстары туралы ха­бардар етті. Сондай-ақ еліміз­дің даму қарқыны мен жетістік­теріне тоқталып, қазіргі заманда маңыз­ды мәселелердің бірі – ұрпақ тәр­­биесі туралы өз ойла­рын орта­ға салды. Бұл ретте Елба­сы­ның «Бо­лашаққа бағдар: руха­ни жаң­ғыру» ма­қаласы­нан туындайтын мін­деттер ая­сында ел болашағы тәрбиелі ұр­пақтың қолында екені атап өтілді.
Ұрпақ тәрбиесі экономика­лық мол табыстар мен техноло­гиялық өркендеудің тасасында қалатын болса, ол қоғам үшін елеу­лі қауіптердің біріне айна­лады. Қоғам өркениетке қарай дамыған сайын – рухани құлды­раудың да қатері байқалады. Төрағаның орынбасары тұрақ­тылық сақталмаған елдердегі босқыншылықты мысалға ала отырып, бүгінгі ұрпақты ел тәуелсіздігіне зиянды әртүрлі қауіп-қатерлерден сақтандыру қажеттігін атап өтті.
Кездесу барысында Қати­молла Ризуанов, Бақтыбек Таубаев, Нұрмұхан Таңбай, Мадина Ғабдісәлімова және тағы басқа ардагерлер сөз алып, өз ойларын ортаға салды. Сенаттың Экономикалық саясат, инно­вациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Асқар Бейсенбаев та жастар тәрбиесі туралы пікірін білдірді.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*