Бірлескен жоба – «Бәйтерек»

423
0
Бөлісу:

Ресей астанасы Мәскеуде Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында олар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен «Байқоңыр» кешенін одан ары дамыту перс­пективалары туралы пікір алмасып, «Бәй­терек» бірлескен Қазақстан-Ресей жо­­ба­сының іске асырылу барысын талқылады.
«Байқоңыр» кешені жөніндегі үкі­метаралық комиссияның алдағы жұмыс тәртібі, сондай-ақ Байқоңыр қаласын дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Қазіргі таңда инвестициялар тарту мақса­тында Байқоңыр қаласында арнайы экономикалық аймақ құру мәселелері пысықталып жатыр.
Сонымен қатар кездесу барысында ғарыштық байланыс спутниктерін бірле­сіп құру саласындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*