Жас офицерлердің сын сағаты

896
2
Бөлісу:

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, 97617 әскери бөлімінің аумағында жас лейтенанттардың жиыны өтті.

Әскери қызметке жаңадан келген жас офицерлердің барлығын бір жерге шақырып оқу жиынын өткізу бұрыннан келе жатқан дәстүр. Мұндай жиындардан әскери оқу орынын енді бітіріп келген жас лейтенанттар өздеріне пайдалы сабақ алады. Жиын барысында әрбір лейтенант оперативтік және атыс даярлығы, радияциялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, әуе шабуылына қарсы қорғаныс, мемлекет және әскери құпияларды қорғау, дене даярлығы сабақтарынан дәрістер алады, моральдік-психологиялық жағынан сауалнамаға жауап береді, соңынан осы бағыттар бойынша олардан сынақ қабылданды. Сондай-ақ, түрлі бағыт бойынша тәжірибелік сабақтар, жауынгерлік әзірлікті жетілдіру мақсатында әдістемелік конференция, әртүрлі тапсырмалар бойынша тактикалық лездемелер өткізіледі.

– Жас лейтенанттармен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері басқармасының полковник Қ.Жетпісбаев, подполковниктер С.Сухратов, А.Маслов, К.Каптагаев, майорлар А.Жагалбаев, В.Гурьянов, Е.Гуляев,  капитан Н.Аубакиров секілді тәжірибелі офицерлер жұмыс істейді, олармен әртүрлі бағыттарда сабақтар өткізеді. Жиын барысында жас лейтенанттар түрлі жаттығуларды орындайды. Олар жоғары әскери оқу орындары мен осы жиында алған білімдерін өзері қызмет ететін әскери бөлімдерінде кәсіби біліктілігінің арттыруына және жауынгерлік даярлықта жоғары нәтижелерге қол жету үшін пайдаланатын болады. Жиынның қорытындысы бойынша сынақтарда үздік нәтижелер көрсеткен жас лейтенанттар Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының міндетін уақытша орындаушы полковник Нұртас Қабақовтың қолынан мадақтама қағаздарын алады. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қатары жыл сайын осындай елінің нағыз патриоттары, Отан үшін еш нәрсе аянбайтын сайдың тасындай жас офицерлермен толығады, – дейді  25750 әскери бөлімінің майоры  Азамат Жағалбаев.

Қазіргі кезде Қазақстан Қарулы күштері әскери міндетті жастарды дайындықтан өткізу үшін жинап жатыр. Жалпы саны 800-ге тарта жасы 40-қа дейінгі әскери міндеттілер Құрлық әскерлерінің Әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери институтының базаларында екі апталық әскери жиында болады. Олардың қатарында запастағы офицерлер, сержанттар және қатардағы жауынгерлер бар. Жауынгерлік дайындық жиынына шақырылған әскери міндеттілерді өзара «партизандар» деп атайды.  Әскери жиынның мақсаты Қарулы күштерде және басқа да әскери құрылымдарда жасақтардың қатарын толықтыру, жауынгерлік және мобилизациялық дайындық деңгейін көтеру, әскери-оқу ресурстарын жинақтау және дайындау болып табылады. Дайындықтан өтетін барлық әскери міндеттілер азық-түлікпен және киіммен қамтамасыз етіледі. Әскери міндеттілердің мұнда болған, жолға кеткен уақытарында жұмысынан босатылады және жұмыс орындары сақталынады. Оларға республикалық бюджеттен орташа айлық жалақы төленеді.  Әскери жиынның аяғында олар өздерінің әскери есептік-мамандығы және лауазымы бойынша оқу бағдарламасын игергенін растау үшін емтихандар, сынақтар тапсырады.

 

Қайыржан ТӨРЕЖАН

 суретті түсірген Айтжан МҰРЗАНОВ

Бөлісу:

2 пікір жазылған

Пікір жазу


*