Қыздар да қағынды

955
0
Бөлісу:

Алматы облысында бір тәулікте көлік ұрлаған үш оқиға тіркелді. Тәртіп сақшылары көлік айдап кетуге құштар үш күдіктіні дер кезінде ұстап, «темір тұлпарлар» иелеріне қайтарылған. 

«Екі оқиға облыстың Қарасай ауданында тіркелді. Береке және  Еңбекші ауылында шетелдік екі көлік қолды болған. Үшінші оқиға Панфилов ауданының Шолақай ауылында тіркелген.  Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері  қолды болған көліктерді анықтап, күдіктілерді қамауға алған. Іші пысқандар – 29 және  45 жастағы ерлер. Бәрінен қызығы, үшінші күдікті жап жас қыз болып шықты.

Полиция деректеріне қарағанда, жыл басынан бері аймақта ұрланған   көлік иелеріне қайтарылған. 127 көлік ұрысы жауапкершілікке тартылған.

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*