Аман болса халқым, жетеді бізде алтын

774
0
Бөлісу:

Қазақстан алтынның қоры бойынша әлемде 15-орында тұр. Бес айда Қазақстандағы алтын өндірісінің көлемі 7,2% артты. Ұлттық банк  таратқан ақпарат бойынша, 2018 жылдың басынан бері алтынның әлемдік биржалардағы баға бағамы шамамен 8%-ға төмендеді. АҚШ ФРЖ мөлшерлемелерінің өсуі және АҚШ экономикасы бойынша оң деректердің шығуы нәтижесінде АҚШ доллары нығайғаны белгілі. Бұл жағдай алтын бағасының төмендеуіне негіз болды.  «Алайда, бірқатар елдерге қарсы экономикалық санкциялардан және сауда шектеулерінен туындаған күрделі геосаяси жағдай нарықтарды құбылтып, инвесторлардың неғұрлым қауіпсіз актив іздестіруіне ықпал етеді. Экономикалық және саяси тұрақсыздық жағдайында валюта нарығы да, бағалы қағаздар нарығы да құбылмалы болады, міне, содан қорғаныш ретінде алтын мен бағалы металдардың рөлі артады. Орталық банктер алтынының қорлары ұзақ мерзімді перспективада сақталу, өтімді болу және кірісті болу сипаттары бар сақтандыру активтері ретінде болады» делінген хабарламада.

Әлемдік орталық банктердің алтынның нақты көлемін арттыруды тездету процесі дағдарыстан кейін 2009 жылы басталды. Соңғы 5 жылда алтынмен жинақталған резервтер көптеген дамушы елдерде байқалады. Осы кезеңде алтынды неғұрлым белсенді сатып алушылар Ресей, Түркия, Қытай және Қазақстан орталық банктері болды.

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*