Әлем чемпионаты Астанада өтеді

749
0
Бөлісу:

2019 жылы елордада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл жаңалықты Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай Фейсбуктегі парақшасында  хабарлады.

«Достар, біздің тамаша жаңалығымыз бар. Күрес түрлерінен әлем чемпионаты (еркін, грек-рим, әйелдер күресі және грепплинг) 2019 жылы Астанада өтеді. Біз Әлем чемпионатын өткізу орнын таңдау барысындағы ақтық турда Ыстанбұл қаласынан жеңіп кеттік. Бұл іс жүзінде орасан зор оқиға», – деп жазды Ерлан Қожасбай.

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*