Елтаңбадағы жазба өзгертілді

1290
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы  елтаңбасының жаңартылған нұсқасында QAZAQSTAN сөзі қолданылады. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдері хабарлады. 

Астанада Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев пен мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековтің және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Жиын нәтижесі бойынша «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық жағдайлар»  заңына өзгертеулер енгізу туралы шешім мақұлданды. Осы байланысты «Қазақстан» атауы латын графикасында жазылатын болды.

Сондай-ақ, Мемлекеттік елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековтің елтаңбаның тарихы мен құрылымы жайлы сипаттаған әдістемесіне сілтеме қойылды. Өзгерістер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы»  Жарлығына сәйкес енгізілген.

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*