Айтыс, айтыс, айтыс!

1085
0
Бөлісу:

Айтыс десе, делебесі қозатын халықпыз. Небір қызыл сөздің ұсталары жиналып, айтысатынын естісек, ішкен асымызды жерге қоямыз. Алатаудың баурайында болатын думанды кеш Алатау ауданының 10 жылдығы мен «Алматы ақшамы» газетінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

«Алатауым – алтын ұям» жыр жәрмеңкесі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. 15-16 қыркүйек күндері «Алатау» дәстүрлі өнер театрының сахнасына айтыскерлер жиылмақ. Атап айтқанда, Бекарыс Шойбеков, Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Еркебұлан Қайназаров, Әсем Ереже, Рүстем Қайыртай, Мұхтар Ниязов, Қалижан Білдәшев, Төлеген Жаманов, Шұғайып Сезімхан, Біржан Байтуов, қазірет Бердіхан, Қанат Мырзахан, Ершат Қайболдин, Ержан Әміров, Рауан Қайдаров,  Саягүл Бірлесбек, Абай Жолмағанбетов, Талғат Мықи, Арғынбек Қалжан қатысады.

Жиырма ақынның жырын «Таскредит» қаржы компаниясы (президенті Дулат Тастекеев) мен «Ай-Сер» компаниясы (Айкерім және Айкүнім Мәнізорова) сараптап, бас жүлде иегеріне темір тұлпар сыйлайды. Сонымен бірге, «Алматы ақшамы» газетінің және «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» арнайы жүлделері де бар. Айтыстың жүргізушісі – Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*