Головкин Қазақстан әнұранын орындаудан бас тартты ма?

1679
1
Бөлісу:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер әнұраннан бас тарту мәселесіне орай пікір білдірді.

Бұған дейін мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя 15 қыркүйекте болатын жекпе-жек алдында қазақстандық тараптың мемлекеттік әнұрандарды ойнатпау керек деген ұсынысын айтып, Головкиннің командасын масқаралаған болатын.

АСА АУЫР САЛМАҚТАҒЫ БОКСШЫ ГОНГ СОҒЫЛҒАН БОЙДА РИНГТЕН ҚАШЫП КЕТТІ (ВИДЕО)

«Олардың бұл ақымақтықтарына шек қою керек. Олар не, өз елдерін жақсы көрмей ме? Головкиннің адамдары әнұранның ойнауын қаламайды. Бұл дәстүр. Чемпиондық кездесу алдында міндетті түрде екі елдің әнұрандары айтылу керек. Бұл сол бокс кешінің сәнін кіргізе түседі. Головкиннің адамдары кездесу алдында Қазақстан, Мексика және АҚШ әнұрандарының айтылғанын қаламайды. Олар тағы қандай талап қояр екен? Мүмкін, кездесуді болғызбай тастайтын шығар?!» деген еді Де Ла Хойя.

СОНДЕРС ГОЛОВКИНГЕ: РИНГКЕ БОРАТТЫҢ КОСТЮМІН КИІП ШЫҚ

Бірақ кейінірек Леффлер бұл қауесетті жоққа шығарды.

«Оскардың не айтып тұрғанын түсінбеймін. Бұл – өтірік. Головкиннің командасы «үш елдің мемлекеттік әнұрандары PPV-трансляция басталамын дегенше ойналсын» деген ұсыныс айтты. Себебі, жекпе-жек әрі қарай еш кедергісіз басталып кетуі үшін. HBO бұл ұсынысты қолдап, әнұрандардың PPV-трансляция басталғанға дейін ойналатынын айтты. Геннадий өз елі – Қазақстанның әнұранын жақсы көрмейді емес немесе Мексика мен АҚШ-тың әнұрандарын құрметтемей тұрған жоқ. Біз бокс кешінің қолайлылығы үшін ұсындай ұсыныс айттық. Ал әнұран міндетті түрде ойналады. Оскар мен «Канело» осыған дейін де талай өтірік нәрселер айтты. Бұдан былай Головкин «Канело» тарапынан айтылатын ешбір әңгімеге сенбейді» депті ол.

«АСТАНА АРЛАНСТЫҢ» ЭКС-БОКСШЫСЫ ГОЛОВКИННІҢ БҰРЫНҒЫ ҚАРСЫЛАСЫМЕН КЕЗДЕСЕТІН БОЛДЫ (ВИДЕО)

Головкин мен Альварес 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада кездеседі. Олардың алғашқы жекпе-жектері тең нәтижемен аяқталған болатын.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

1 пікір жазылған

Пікір жазу


*