Қазақстан-Грузия: Ойыннан не күтеміз?

1090
0
Бөлісу:

6 қыркүйек күні Астанадағы «Астана Арена» стадионында Ұлттар лигасы D дивизионы аясында Қазақстан мен Грузия құрамалары кездеседі. Матч Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де басталмақ. Кездесуді тікелей эфирде QazSport телеарнасынан көруге болады.

«РЕАЛ» РОНАЛДУДЫҢ ОРНЫН БАСАТЫН ОЙЫНШЫ ТАПТЫ (ВИДЕО)

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов құрамадан тегі украиналық қақпашы Дмитрий Непогодовтың орын тапқанына қатысты пікір білдіріпті.

«Мен ешкімге құжат берген жоқпын. Ол құжат бойынша – қазақстандық. Оның қайда туғаны, қайда ойнағаны маңызды емес. Егер оның қазақстандық паспорты бар болса, демек ол Қазақстан құрамасында ойнауға құқылы. Эричке де мен паспорт берген жоқпын. Сондықтан бұл мәселенің басы ашық деп ойлаймын»

Бас бапкер құрамадағы жастардың әлеуетіне қатысты да өз ойын білдірген.

САМАТ СМАҚОВТЫҢ ҚОШТАСУ МАТЧЫ ӨТТІ (ВИДЕО)

«Айбол Әбікен бұған дейін жастар құрамасында ойнағандықтан оның біршама тәжірибесі бар. Бірақ әлі де өзін дамытуы керек. Думан да барын салып жүр. Бірақ оған да ойын ритмін өзгерту қажет. Ал Зайнутдинов бұған дейін ортада және шабуылда ойнап келген. Ол үшін мен басқа позицияларды қарастырмадым» дейді Стойлов.

Ал Грузия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс: «Біздің мақсат – топтың жеңімпазы атану. Біздің қарсыластарымыздың бәрінің деңгейі бірдей. Стойлов өз командасын бір аптадан бері дайындап жатыр. Бірақ біз де қарап қалмаймыз. Бәрі жасыл алаңда шешіледі. Сосын матчтың жасанды алаңда өтуі де бізге ешқандай сылтау емес. Мен қазақстандық команданы жақсы танимын. Қарсылас бапкер де бізді жақсы зерттегені анық. Сондықтан шын мықты жеңуі керек» дейді.

«АСТАНАНЫҢ» ЕУРОПА ЛИГАСЫ ТОПТЫҚ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бұл маман 2013-2015 жылдары алматылық «Қайратты» жаттықтырып, клубпен екі мәрте ел чемпионатының күмісін, бір мәрте қоласын және ел кубогын иеленген.

Журналистер алдында ресми баспасөз мәслихатын өткізген Станимир Стойлов, Қазақстанның ертеңгі ойында бар мүмкіндігін салатынын мәлімдеді.

«Үлкен турнир алдында жақсы көңіл-күйдеміз. Қазақстан өзінің максимум деңгейінде ойын көрсетеді. Қиындықтар да бар. Жігітер өздерінің шынайы мүмкіндіктерін бағамдай білуі керек. Топтағы басты қарсыластарымыз – Грузия мен Латвия. Бірақ біз бірінші орын үшін таласамыз. Футболшыларымыздың кейбірі 100 пайызға дайын. Кейбірі қанағаттанарлық жағдайда. Ал Еркебұлан Сейдахмет әлі формаға келіп үлгермеді. Егер жарақат алмағанда ол ойын тәжірибесін біршама игеруші еді» деді бас бапкер.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*