Астана әуежайында қолжетімді бағамен асхана ашылды

962
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында алғаш рет қол жетімді бағамен асхана ашылды. Көптен күткен тамақтану орны ішкі бағытқа қатынайтын жолаушылар терминалында орналасқан.

Келушілер алғашқы сәттен ақ, жаңа асхананың қолжетімдігіне көз жеткізді. Мәселен, мұндағы орташа баға бір адамға 1000 теңге шамасында.

–Мен Астана әуежайына алғаш рет келіп отырмын. Мұндағы баға өзім тұратын германиядағы бағамен салыстырғанда едәуір арзан, тіпті салыстыруға да келмейді. Әлемнің көптеген әуежайларында түстік ас анағұрлым қымбат тұрады. Айталық, басқа әуежайлардағы бір бутербродтың құнына бұл жерде бірінші, екінші және тәтті шырын ішуге болады. Жолаушылар үшін, бұндай орын өте қажет деп ойлаймын, – деді Виктория Черепанова.

«Жібек жолы» асхана басшысының айтуынша, арзан бағадағы дәмді тағамды ұсыну аса қиын емес. Біз үшін ең бастысы келушілердің талғамы.

–Бұған дейін әуежайдағы көптеген қызметкерлер мен жолаушылардың қымбат бағамен түстенуге мүмкіндіктері бола бермейтініне көз жеткіздім. Ал қазір кез келген адам осы жерде қол жетімді бағамен тойып тамақтануына болады дейді, – асхананы ашқан Жібек Малыбаева.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының басқарма төрағасы өз кезегінде асхананың ашылуы, бір қарағанда қатардағы іс әрекет болғанымен оның көптен күткен шара екенін атап өтті.

–Біз жолаушылар терминалында көп жылдан кейін асхана ашуға қол жеткіздік. Қоғамдық тамақтану орнындағы қол жетімді баға әуежай имиджіне де тікелей байланысты. Асхана ашудағы мұндай әрекет әуежайдың атрибутына айналу керек дейді, – Рәділбек Әдимолда.

Бұдан бұрын 270 шаршы метр аумақта мейрамхана болған еді. Кейіннен оның іші асхана үші қайта жабдықталып, ішкі мазмұны өзгертіліп жаңа жабдықтар әкелінді. «Жібек жолы» асханасында кез келген уақытта тамақтануға болады. 80 адамға лайықталған орын тәулік бойы жұмыс істейді. Болашақта асхана аумағын кеңейтіп қосымша орын ашу жоспарда бар.

 

«Айқын-ақпарат»

Бөлісу:

Пікір жазу


*