Головкиннің ең үздік 25 нокауты (видео)

854
0
Бөлісу:

15 қыркүйек күні өтетін GGG мен «Канело» арасындағы жекпе-жек өтетін бокс кешін Qazaqstan мен QazSport арналары тікелей эфирде көрсететін болды. Әлем көз тіккен жекпе – жекте кімнің бәсі үстем болады? Головкин осы айқаста өзінің мықтылығын көрсете ала ма? Жеңіс кімнің қанжығасында кетеді?

Бұл сауал бокс көрігін қыздыратын атақты екі боксшының ғана емес, сарапшылар мен жанкүйерлерді де толғандырып отыр. Әрине, ешкім де жеңілгісі келмейді. Алайда Альварестің бапкерлері Головкиннің сағын сындыру үшін неше түрлі айлы-шарғыға баруда. Тіпті былапыт сөздер айтып, Генаға психологиялық қысым жасауға тырысқан сәттері де болды. Бірақ одан ығатын Головкин емес.

–Мен оның сазайын беремін. Былапыт сөздері үшін оны өз орнына қоямын, –дейді Головкин.

Ал Альварестің бапкерлері өз боксшысының жеңетініне аса сенімді. «Канеллоның» бапкерлер штабы Эдди және Хосе «Чепо» «Бұл – барлық мексикалықтар үшін тамаша кеш. «Канело»  Головкиннің мінсіз рекордын тас-талқан етіп, чемпиондық белбеуін тартып алады. Оны жеңу үшін барлық ресурстарымызды пайдаланамыз», – деп мәлімдеме жасады.

Жанкүйерлер мен бокс сарапшыларын қызықтырып отырған тағы бір жайт бар. Алдағы жекпе-жек барысында Головкин барлық чемпиондық белбеуін тігеді. Осы кездесуде жеңімпаз атанған боксшы   The Ring чемпионы атанып, WBC ұйымының арнайы белбеуін иеленеді. Сондықтан да айқас оңайға соқпайтын түрі бар.

Америкалық белгілі рефери Джо Кортес «Бұл Канелло» үшін өте ауыр айқас болады. Сондықтан ол бокс дағдысын өзгертуі керек. Бір жыл бұрынғы жекпе -жекте ол көп шегінді. Енді шабуылға шығуы қажет. Бұл –-оған допингтен кейін беріліп отырған екінші мүмкіндік. Сондықтан 15 қыркүйекте не болатынын көреміз», – деп өз ойын жария етті.

Рас қазіргі кезде екі боксшы мен оның бапкерлер штабы бір-біріне ауыр сөз айтуын жалғастыруда. Әншейінде кісіге қарсы қатты сөз айта қоймайтын, бірақ соққылары ауыр Головкиннің мінезінің өзгере бастауы нелістен.? Бұл сауалға   Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) басшысы Маурисио Сулейман жауап бергендей болды.

–Жанжал допинг дауынан басталды, бірақ Геннадийдің бұл туралы мәліметі аз болды. Өте ашулы болуы да содан. Содан бері ауыр сөздер айтыла бастады, – дейді Маурисио Сулейман.

Әзірге екі жаққа қатысты да әртүрлі болжамдар айтылуда. Біреулері «Головкин жеңімпаз атанады» десе, екіншілері Альвареске қазірдің өзінде жеңісті беріп қойған. Атақты боксшы Эвандер Холифилд әлемнің назарын аударып отырған бұл айқаста Головкиннің басым болатынына күмән келтірмейді.

–Геннадий екі қолымен де ауыр соққы жасай алады. Ол сөзсіз жеңеді, өйткені  үнемі шабуылдағанымен, қорғанысы да мықты –дейді Эвандер Холифилд.

15 қыркүйек атақты екі боксшының қайсысының мықты екендігін анықтайтын күн. Ал біз шешуші айқаста қазақстандық боксшы Головкинге тек қана жеңіс тілейміз. Сонымен қатар, Генаның нокаутпен жеңіске жеткен  ең үздік 25 айқасын көрермен назарына ұсынуды жөн көрдік.

 Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*