ТОҒЫЗ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

1026
0
Бөлісу:

Білім күнінде Жамбыл өңірінде жаңа 9 мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Осылайша, жаңа оқу жылы­нан бастап, облыстағы бұған дейін үш ауысымда жұмыс істеп келген 3 мектеп пен 3 апатты жағдайдағы мектептің мә­селелері толық шешілді.

Облыс ор­талы­ғында жаңадан бой көтерген «Бәйтерек» ықшамауданы тұрғындары №3 мектеп-лицейінің ашылуын ұзақ күткен еді. Бұған дейін «бәйтеректік» бүлдіршіндер қаладағы өзге мектептерге қатынап оқып келген-ді. Жаңа оқу жылының алғашқы күнінде мұнда 1200 оқушыға арналған мектеп-лицейі ашылды. «Тараз құрылыс Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас мердігер деп танылған нысан «Нұрлы жол» мемле­кеттік бағдарламасымен бой көтерген. Білім беру ошағының материалдық-техникалық базасы да заманауи үлгіде жабдықталған. Сондай-ақ Тараз қала­сындағы №24 гимназияның жанынан 300 орындық қосымша ғимараттың пайдалануға берілуі мұндағы орын тапшылығы мәселесінің шешілуіне оң әсер еткені анық. Аумағы 1920 шаршы метрді құрайтын нысанда 42 сынып-кешені бар. Онда оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты ізденуіне мол мүмкіншілік жасалған. Көптен бері тұрғындары мектеп тапшылығы мәсе­лесін көтеріп жүрген шаһар аумағын­дағы «Шөлдала» иінінде де №59 орта мектебі ашылды. Сыйымдылығы 900 орын­дық ғимарат «Нұрлы жол» мем­лекеттік бағдарламасы арқылы бой көтерді.
Облыс орталығынан шалғай жатқан Қордай ауданында да білім күнінде жаңадан 2 мектеп жұмысын бастады. Соғанды ауылындағы №33 негізгі мектебі 50 оқушыға арналған. Көктебе ауылындағы №40 негізгі мектебінің де сыйымдылығы 50 орынды құрайды. Айта кету керек, екі мектептің де құры­лысы облыстық бюджеттен қаржылан­дырылған. Бұл күні Меркі ауданындағы Тескентоған ауылының оқушылары мен ата-аналары да ерекше шаттыққа кенелді. Жаңадан ашылған №23 жалпы білім беретін мектебі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасымен 150 оқушыға лайықтап салынған. Жыл санап тұрғындарының саны артып келе жатқан Байзақ ауданының Байзақ ауылында да білім күнінде №4 мектеп-лицейі оқушыларға есігін айқара ашты. 300 орындық нысанның құрылысы ұлттық қордан қаржыландырылды. Жаңа оқу жылынан жұмысын бастаған келесі нысан Жуалы ауданы Қызыла­рық ауылындағы №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі. Мектеп сыйымдылығы 150 оқушыға арналған. Облыстық бюджеттен қаржыланды­рылған жобаның жалпы құны 477,5 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар Білім күні Талас ауданындағы Қасқабұлақ ауылында да ерекше мерекелік көңіл-күймен аталып өтіл­ді. Өйткені қасқабұлақтық оқушылар жаңа оқу жылына жаңа мектеп ғима­ратынан бастайды. Сыйымдылығы 120 орынға арналған нысанның құ­рылысы облыс­тық бюджеттен қар­жыланды­рылған.

Ерман ӘБДИЕВ
Жамбыл облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*