Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жек алдындағы ашық жаттығуын көруге болады

936
0
Бөлісу:

26 тамызда  Головкин мен «Канело» рематчын британ телевидениесі көрсетеді.  Бұл туралы қазақстандық боксшы Твиттердегі  парақшасында жариялаған.

«Қосылыңыздар! Ашық жаттығу 26 тамызда болады. Кіру тегін!» деп жазған орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы жекпе-жек алдынан өткізетін ашық жаттығуының видеоанонсын жариялап, оған журналистер мен жанкүйерлер Лос-Анджелестегі Banc of California стадионынан тамашалай алатынын жеткізген.

Жаттығу жергілікті уақытпен 14:00-де (Астана уақытымен 27 тамыз күні 01:00-де) басталады. «Канело» – GGG екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*