«Астананың» Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

1274
0
Бөлісу:

Бүгін Монакода Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылып, «Астананың» қарсыластары анықталды.

«БАРСЕЛОНА» САЛАХ ҮШІН АРНАЙЫ ҰСЫНЫС ӘЗІРЛЕП ЖАТЫР

Жеребе нәтижесі бойынша, Қазақстан чемпионы К тобына түсіп, киевтік «Динамо», франциялық «Ренн» және чехиялық «Яблонец» командаларымен жұп құрады.

А   тобы: «Байер» (Германия), «Лудогорец» (Болгария), «Цюрих» (Швейцария), АЕК (Кипр);

B тобы: «Зальцбург» (Австрия), «Селтик» (Шотландия), «РБ Лейпциг» (Германия), «Русенборг» (Норвегия);

C тобы: «Зенит» (Ресей), «Копенгаген» (Дания), «Бордо» (Франция), «Славия» (Чехия);

D тобы: «Андерлехт» (Бельгия), «Фенербахче» (Түркия), «Динамо» (Хорватия), «Спартак» (Словакия);

E тобы: «Арсенал» (Англия), «Спортинг» (Португалия), «Карабах» (Әзербайжан), «Ворскла» (Украина);

F тобы: «Олимпиакос» (Грекия), «Милан» (Италия), «Бетис» (Испания), «Дюделанж» (Люксембург);

G тобы: «Вильярреал» (Испания), «Рапид» (Австрия), «Спартак» (Ресей), «Рейнджерс» (Шотландия);

H тобы: «Лацио» (Италия), «Марсель» (Франция), «Айнтрахт» (Германия), «Аполлон» (Кипр);

I тобы: «Бешикташ» (Түркия), «Генк» (Бельгия), «Мальме» (Швеция), «Сарпсборг» (Норвегия);

J тобы: «Севилья» (Испания), «Краснодар» (Ресей), «Стандард» (Бельгия), «Акхисар Беледиеспор» (Түркия);

K тобы: «Динамо» (Украина), «Астана» (Қазақстан), «Ренн» (Франция), «Яблонец» (Чехия);

L тобы: «Челси» (Англия), ПАОК (Грекия), БАТЭ (Беларусь), «Види» (Венгрия).

ДАВИД ЛОРИЯ «ҚАЙРАТҚА» ҚАЙТЫП КЕЛДІ

Еуропа лигасы топтық кезеңінің алғашқы туры 20 қыркүйекте басталса, екінші тур – 4 қазан, үшінші тур – 25 қазан, төртінші тур – 8 қараша, бесінші тур – 29 қараша, ал алтыншы тур – 13 желтоқсанда өтеді.

«Астана» Еуропа лигасы плей-офф раундында кипрлік АПОЭЛ-мен кездесіп, елордада өткен қарымта матчта пенальти сериясы арқылы жеңіске жеткен болатын.

Өз кезегінде «Астана» футбол клубының президенті Саян Хамитжанов жеребеге байланысты өз пікірімен бөліскен.

«Бізге аса қызықты қарсыластар тап келді. Киевтік «Динамов» – сөзсіз команданың фавориті. Олардың еурокубоктық кездесулерде көп тәжірибесі бар. Қазіргі таңда шығыс-еуропа футболының үздігі саналады. «Ренн» – Франция елінің өкілі. Ал бұл ел қазіргі таңда әлемнің ең үздік құрамасы екені белгілі. Бұл елдің чемпионаты Еуропадағы үздік бестік қатарына енеді. Сондықтан «Ренн» – қиын, болжап болмайтын қарсылас. «Яблонец» – еурокубоктық жарыстардағы жаңа ұжым. Бірақ осы елдің тағы бір өкілі «Сигманың» қазақстандық «Қайратты» жарыс жолынан шығарып тастағанын ескерсек, чехиялық командадан қауіп күтуге болады. Чехиялық командалар соңына дейін күреседі. Ондай мінезді былтыр «Славиядан» да анық байқадық. Біз әр кездесуде жеңіс үшін күресетін боламыз. Астананы керемет күзгі футбол маусымы күтіп тұр!» деді Хамитжанов.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*