Тарихи матч: «Астана» пенальти сериясы арқылы Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты (видео)

1549
0
Бөлісу:

Елордалық «Астана» кипрлік АПОЭЛмен Еуропа лигасы плей-офф раунды аясында Астанада қарымта кездесу өткізіп, пенальти сериясы арқылы жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық ұжым Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

«БАРСЕЛОНА» САЛАХ ҮШІН АРНАЙЫ ҰСЫНЫС ӘЗІРЛЕП ЖАТЫР

Матчтағы алғашқы есепті Педро Энрике пенальтиден ашып, қазақстандық команданы алға шығарған. Осы нәтиже матч соңына дейін сақталып қалды. Командалар қосымша уақытта да есеп аша алмай, ойын соңындағы пенальти сериясына жүгінген.

ДАВИД ЛОРИЯ «ҚАЙРАТҚА» ҚАЙТЫП КЕЛДІ

Пенальти сериясы барысында «Астана» қақпашысы Ненад Эрич екі мәрте допты қайтарып, командасының жеңіске жетуіне сүбелі үлес қосты. Еуропа лигасының топтық кезеңінің жеребесі ертең тартылады.

Кездесу хаттамасы

«Астана» (Астана, Қазақстан) – АПОЭЛ (Никосия, Кипр) 1:0 (1:0), пен. 2:1

Алғашқы ойын: 0:1

Гол: Педро Энрике пенальтиден, 16 (1:0)

Пенальти: Нуну Мораиш – 0:1, Ричард Алмейда – 1:1, Де Винcенти – 1:1 (қақпашы), Аничич – 1:1 (қақпа бағанасы), Эфрем – 1:1 (қақпашы), Педро Энрике – 2:1, Деллаторе – 2:1 (қақпадан қиыс), Бейсебеков – 2:1 (қақпашы), Соуза – 2:1 (қақпадан қиыс)

Ескертулер: Мужиков 13, Ричард Алмейда 58, Шомко 74, Педро Энрике 108 – Карлао 16, Шоллои 19

«Астана»: Эрич, Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер (Бейсебеков 98), Мужиков (Ричард Алмейда 53), Энрике, Томасов, Маевский (Логвиненко 120+1), Кабананга (Янга 85), Постников, Шомко.

АПОЭЛ: Ватерман, Нсуэ, Каджу, Соуза, Гуччанеджад (Деллаторре 94), Шаллаи, Әл-Таамари (Эфрем 84), Захид (Де Винcенти 65), Мораиш, Вурос (Гендзоглу 120+1), Карлау.

Бас төреші: Якоб Кехлет (Дания)
30 тамыз. Астана. «Астана Арена». 

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*