БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША СҰРАҚТАР КӨП

690
0
Бөлісу:

Шымкентте Президенттің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі Қо­ғамдық кеңес мүшелерінің қа­ты­суы­­мен кездесу өтті. Кеңес мү­ше­­лері жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік және іскерлік нысан­дарды аралап, өңірдегі Прези­денттің бес әлеуметтік бастамасының жү­зеге асырылу барысымен танысты.

Іс-шараға Мәжіліс депутат­тары, «Қазақстан – 2050» жалпы­ұлт­тық қозғалысының өкіл­дері, Қазақ­станның жоғары оқу орын­дары қауымдастығының өкілдері, Қа­зақстан халқы ассам­блеясының өкілдері, жергілікті мемлекеттік орган өкілдері, сондай-ақ жер­гілікті кәсіпкерлер қатысты.
Қоғамдық кеңестің мүшелері, Мәжіліс депутаттары Азат Перуа­шев пен Берік Дюсембинов, «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қоз­ғалыс кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдас­тығының президенті Рахман Ал­шанов пен ҚХА төрағасының орынбасары Виталий Тварионас Шымкент қаласына жұмыс сапа­ры барысында бірқатар әлеуметтік және іскерлік нысандарды аралап, өңірдегі Президенттің бес әлеу­меттік бастамасының жүзеге асы­рылу барысымен танысты.
Сапардың басында делегация мүшелері Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық уни­вер­ситетінің Студенттер үйіне барып, студенттердің тұрмыс жағдайымен танысты. Универ­ситеттің бірінші проректоры Баршагүл Исабектің мәлімдеме­сіне сәйкес, университ­етте шама­мен 3,5 мың студент оқи­ды, ал жа­тақ­хана қажеттілігі 200 адамды құрайды. Бұл көрсеткішке 500 орынды жаңа жатақхана пай­далануға берілуіне байланысты қол жеткізілді. Студенттер үйінде оқу және компьютерлік бөлмелер бар, әр қабатта асхана және қа­жетті жаб­дықтармен жабдықтал­ған асүйлер, әр бөлмеде жуыну бөл­месі және тоңазытқыш бар. Оқу орны­ның өкілі 8 гектар ау­мақ­та орна­лас­қан студенттік ке­шенде тағы 20 жатақ­хана, сонымен қатар спорт­тық-тұрмыстық ке­шен­дер салу жоспар­ланғанын атап өтті.

Қоғамдық кеңестің мүшесі Рахман Алшанов:
– Біздің Шымкентке келу мақ­са­тымыз, шынында Президенттің бес әлеуметтік бастамасы бағдар­ла­масы бойынша көп сұрақтар болып жатыр. Мәселен, бүгін жоғары оқу ордасында болып, жатақханалар салу жағдайымен және құрылыс жүргізушілер мен инвесторлар мәсе­лесін тыңдадық. Сонымен қатар «7 – 20 – 25» бағ­дар­ламасы бойынша да мәселе­ле­рі де айтылды. Бұл жерде елді алаң­дататыны – халықтың табысы. Мәселен, мұ­ғалімдер мен дәрігер­лердің ақшаны қайтаруға шамасы жете ме, жоқ па және алғашқы төлемді қалай төлейді, қолжетімді ме деген сияқты проб­лемалар бар. Тағы бір мәселе, Шымкентте көпбалалы ата-аналар екі бөлме аз, 3-4 бөлме болса дейді. Оның үстіне оған берілетін 13-14 миллион аз болады. Соны 25 мил­лионға көтерсе деген тілектері бар. Оны біз республикалық комиссия­да көтереміз. Болмаса, негізгісі, бағдарлама басталды, соған не өзгеріс енгіземіз, не өзертеміз дегенге, әрине оны өзде­рі­міз жа­са­дық. Сондықтан оған өзгеріс­тер енгізуге болатын сияқты. Шымкентте көп жұмыстар ат­қары­лып жатыр екен. Дегенмен өздері емес республикалық дең­гейде шеші­летін дүниелері бар екен. Осы­лардың бәрін жоғары жақтағыларға жеткіземіз, – деді.
Тақырыптың жалғасы бойын­ша республикалық кеңестің мү­ше­лері «Ақжайық» ықшамау­да­нын­дағы тұрғын үйлердің құ­­­­ры­­­­­­­лыс­­­тарымен танысты. Қала­лық құрылыс басқар­масының бас­тығы Әбілсейіт Рабаев­тың ай­туын­ша, қазіргі уа­қыт­та «7 – 20 – 25» бағдарламасын іске асыруға се­гіз тұрғын үй кешені­нің 136 пә­тері дайын, ал екінші жарты­жылдықтың соңына дейін 275 пәтер пайдалануға беріледі. Олар­дың көбі – 2-3 бөлмелі пәтер­лер. Сонымен бірге, Ұлттық банк деректері бойынша тамыз айының ортасында Шымкентте 662,6 млн теңгеге тұрғын үй заемдарын алуға 77 өтініш келіп түсті.
– Елбасының бірінші бастама­сының аясында әзірленген «7 – 20 – 25» бағдарламасы әр отбасына үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Жергілікті әкімдіктер, жауапты мемлекеттік органдар осы бағдар­лама бойынша жұмысты күшейтуі керек, – деді қоғамдық кеңестің мүшесі, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.
Келесі кезекте делегация мүше­лері «Шағын несие беруді көбейту» – төртінші бастама шеңберінде «Нұртас» ықшамау­данында орна­ласқан «Сыдықов Т.К.» жылыжай кәсіпорнында болды. Кәсіпорын­ның иесі Талғат Сыдықов мемле­кеттік қаржылай көмек есебінен төмен пайыздық несие түрінде 5 миллион теңге көлемінде өз бизне­сінің өндірістік қуаттарын кеңейте алды.
Күннің екінші жартысында де­ле­гация мүшелері Шымкент қала­­сындағы кәсіпкерлер палата­сы­ның директоры мен өзге де өңір­­дегі белсенді кәсіпкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Прези­денттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру қарқыны талқы­лан­ды, сонымен қатар микрокре­дит­тің кеңеюіне, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға және Шымкентте өнімді жұмысқа орналасуға ерекше назар аударылды.
Осы тақырып республикалық қоғамдық кеңестің мүшелерімен қалалық әкімдіктің ғимаратында Қазақстан Президентінің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылауға арналған жұмыс кездесуінде ерекше талқы­лау тақырыбы болды.
Жергілікті мемлекеттік орган­дарының жауапты өкілдерімен және кәсіпкерлермен бірлескен кездесу барысында Елбасының өзге де бастамаларын жүзеге асы­ру­дың серпіні мен перспекти­вала­ры, олар­ды жүзеге асыру бойын­ша нақты ұсыныстар қарал­ды.
– Аймақтарға жұмыс сапар­ларының қорытындысы бойынша бес әлеуметтік бастаманы іске асы­руға жан-жақты талдау жаса­латын болады. Оның қорытын­дылары Үкіметке ұсынылып, Елбасына есеп беріледі, – деді Респуб­ликалық қоғамдық кеңес­тің мүшелері.

Тельман БЕЙСЕНОВ
Шымкент қаласы

Бөлісу:

Пікір жазу


*