«Астана арланстың» экс-боксшысы Головкиннің бұрынғы қарсыласымен кездесетін болды (видео)

1147
0
Бөлісу:

Украиналық кәсіпқой боксшы Сергей Деревянченко америкалық Дэниэл Джейкобспен кездесетін болды. Кеше боксшылар алғаш рет бір-бірімен бұқаралық ақпарат құралдары алдында кездесті.

СОНДЕРС: ГОЛОВКИН СЕН РИНГКЕ БОРАТТЫҢ КОСТЮМІН КИІП ШЫҚ

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, олар 27 қазан күні Нью-Йоркте орта салмақтағы IBF вакантты титулы үшін жұдырықтасады. Бұл тұжырымның белдігі қазақстандық Геннадий Головкиннен тартып алынған еді. Себебі, қазақстандық боксшы бұл белдікке міндетті үміткер атанған украиналық Сергей Деревянченкомен кездесуге байланысты 3 тамызға дейін жазбаша келісім беруден бас тартқан.

МАЙК ТАЙСОНДЫ ЖЕҢІП КЕТКЕН ӘЙГІЛІ БОКСШЫ ОҚҚАҒАРҒА АЙНАЛДЫ (ВИДЕО)

Головкин америкалық Джейкобспен 2017 жылдың наурыз айында кездескен. Сөйтіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен еді. Бірақ Джейкобс – Головкиннің қарсыластарының ішіндегі ең қарымдысы екенін де осы жекпе-жек арқылы айқын байқадық. Бір мәрте нокдаунға түсіп қалғанына қарамастан ол әрі қарай жекпе-жекті жалғастырып, қазақстандық нокаутерге әжептәуір қарсылық танытты. Бір қызығы бұған дейін Деревянченко Джейкобстың спарринг-серіктесі болып та жұмыс істеген. Енді екеуі бір-біріне қарсылас атанып отыр.

САУЛЬ АЛЬВАРЕС ГОЛОВКИНДІ ҚАЛАЙ ЖЕҢЕТІНІН АЙТЫП БЕРДІ

Деревянченко қазақстандық жанкүйерлерге де жақсы таныс. Біраз уақыт «Астана арланс» жартылай кәсіпқой клубында жұдырықтасып, жарқын жеңістерге қол жеткізген еді. Ол дүниежүзілік бокс сериясының бас жүлдесін екі мәрте жеңіп алып, серияның үздік боксшысы атағын да еншіледі. Алғашқыда италиялық «Италия Тандер» сапында болса, кейін «Астана арлансқа» ауысты. Жалпы саны 24 жекпе-жек өткізіп, бір рет ғана жеңіліс тапты.ъ

ГОЛОВКИН-АЛЬВАРЕС ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ТӨРЕШІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Деревянченко-Джейкобс жекпе-жегі 27 қазан күні Madison Square Garden аренасындағы Hulu Theater кіші залында бокс кешін өткізеді. АҚШ-та бұл жекпе-жекті HBO телеарнасы тікелей эфирде таратады.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*