Сондерс Головкинге: рингке Бораттың костюмін киіп шық

3153
0
Бөлісу:

Орта салмақ бойынша WBO белдігінің иегері ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесуге ниетті екенін білдірді.

МАЙК ТАЙСОНДЫ ЖЕҢІП КЕТКЕН ӘЙГІЛІ БОКСШЫ ОҚҚАҒАРҒА АЙНАЛДЫ (ВИДЕО)

Сондерстің айтуынша, Головкин мексикалық Сауль Альваресті жеңген соң, екеуі біріккен кездесу ұйымдастыра алады. Бұл ретте британиялық боксшы Головкиннің шаршы алаңға Бораттың костюмінде шығуын ұсыныпты.

САУЛЬ АЛЬВАРЕС ГОЛОВКИНДІ ҚАЛАЙ ЖЕҢЕТІНІН АЙТЫП БЕРДІ

«Бірінші жекпе-жекте Головкиннің ұпайларын тартып алды деп есептеймін. Енді Головкин қарымтасын қайтаруы тиіс. Ол жеңеді деп ойлаймын. Жанкүйерлер «Канелоның» допинг дауы туралы ұмытып, бар назарларын кездесуге бұруы керек. Головкин жеңеді деп үміттенемін. Мен де өз жекпе-жегімде жеңімпаз атанамын. Сосын біз екеуміз біріккен бокс кешін өткізе аламыз. Мен оның шаршы алаңға Бораттың костюмін киіп шыққанын қалаймын» деген Сондерс шетелдік Boxing Social-ға берген сұхбатында.

ГОЛОВКИН-АЛЬВАРЕС ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ТӨРЕШІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді. Олардың алғашқы кездесулерінде тең нәтиже тіркелген еді. Бұл жолы жеңімпазға арнап WBC тұжырымы арнайы белдік те әзірлеп отыр. Белбеуді мексикалық шеберлер әзірлепті. Ал дизайн нұсқасын бокс фанаттары таңдаған. Белбеудің таныстырылымы 23 тамыз күні өтіп, оған WBC президенті Маурисио Сулейман да қатысты.

Бұған дейін Головкин-Альварес жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсететін боксшылар тізімін жариялаған едік. Сол тізім ішінде болған норвегиялық боксшы қыз Сесилия Брекхус бұл бокс кешіне шықпайтын болды. Ол польшалық Александра Лопеспен кездесуі тиіс болған. Алайда Брекхус поляк қарсыласын өзіне лайықты деп санамаған сияқты. Нәтижесінде ол келесі жекпе-жегін желтоқсан айында Нью-Йоркте өткізетін болады.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*