Головкин-Альварес кездесуінің андеркартында шығатын боксшылар құрамы белгілі болды

1488
0
Бөлісу:

15 қыркүйекте өтетін қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жектің андеркартында жұдырықтасатын боксшылардың толық құрамы белгілі болды.

АМЕРИКАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТ: ЕЛЕУСІНОВТЫ ГОЛОВКИНМЕН САЛЫСТЫРУҒА КЕЛМЕЙДІ

Бұл күнгі бокс кешінде барлығы сегіз кездесу өтеді деп жоспарланған.

Канадалық орта салмақтағы боксшы Давид Лемье (39-4, 33 КО) ирландиялық Гэри О’Салливанмен (28-2, 20 КО) кездеседі. 12 раунд;

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгуйя (30-0, 25 КО) канадалық Брэндон Кукқа (20-1, 13 КО) қарсы шығып, өз атағын қорғайды. 12 раунд;

САУЛЬ АЛЬВАРЕС ГОЛОВКИНДІ ҚАЛАЙ ЖЕҢЕТІНІН АЙТЫП БЕРДІ

Атақты нигериялық Роман Гонсалес (46-2, 38 КО) екінші жеңіл салмақта мексикалық Мойсес Фуэнтеспен (25-5-1, 14 КО) жекпе-жекке шығады. 10 раунд;

WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы норвегиялық Сесилия Брекхус (34-0, 9 КО) поляк қызы Александра Магдзяк Лопеске (18-4-3, 1 КО) қарсы шығып, титулдарын қорғауға тырысады. 10 раунд – 2 минуттан;

МАЙК ТАЙСОНДЫ ЖЕҢІП КЕТКЕН ӘЙГІЛІ БОКСШЫ ОҚҚАҒАРҒА АЙНАЛДЫ (ВИДЕО)

Америкалық Кіші-Вирджил Ортис (10-0, 10 КО) бірінші жартылай орта салмақ аясында мексикалық Роберто Ортиспен (35-3-2, 26 КО) кездеспек. 10 раунд;

Америкалық жартылай орта салмақтағы боксшы Алексис Рочи (11-0, 8 КО) мексикалық Карлос Сервантеспен (11-2, 11 КО) жеңіске таласады. 8 раунд;

Америкалық Франсиско Эспарзаның (8-0-1, 3 КО) қарсыласы сәл кейінірек хабарланады.

РЕСМИ: АРМАН ОСПАНОВ ПЕН РАСУЛ МИРЗАЕВ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ШЫҒАТЫН БОЛДЫ

Еске сала кетсек, Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді. Алғашқы жекпе-жекте осы жерде өтіп, тең нәтиже тіркелген болатын. Алдағы кездесуде қазақстандық боксшы өз атақтарын қорғауға тиіс. Сондай-ақ қос мықты The Ring чемпионы деген вакантты титул мен WBC-тың арнайы белдігіне де таласады.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*