Азиада-2018: Қазақстан құрамасында – 12 медаль

996
0
Бөлісу:

Джакартада өтіп жатқан Азиадада ұлттық құрама спортшылары әзірге 12 медаль жеңіп алды. Бүгін – Азия ойындарының үшінші күні.

Алтын жүлдені семсерлесуден Дмитрий Алексанин алды. Еркін күрес балуандары елімізге қос күміс сыйлады. Атап айтқанда, Данияр Қайсанов пен Жұлдыз Ешімова екінші орынға жайғасты. Сондай-ақ, таеквондошы Жансель Дениз бен судағы полодан қыздар құрамасы да күміспен күптелді. Қола медальдің саны әзірге бесеу: еркін күрестен Саятбек Оқасов пен Әділет Дауланбаев, әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова, грек-рим шебері Мейрамбек Айнағұлов, таеквондошылар Фариза Алдоңғарова мен Руслан Жапаров, маунтинбайкер Кирилл Казанцев жеңіс тұғырынан көрінді.

Жадыра АҚҚАЙЫР

Бөлісу:

Пікір жазу


*