«Астана» АПОЭЛ-ға қарсы шығатын құрамын жария етті

1224
0
Бөлісу:

Елордалық «Астана» футбол клубы кипрлік АПОЭЛ-ға қарсы шығатын футболшылар құрамын жариялады. Команда Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуға мүмкіндік беретін матчқа қатысу үшін Кипрге ұшып кетті.

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «АСТАНА» ЖЕҢІЛДІ, БІРАҚ ЖОРЫҚ ЖАЛҒАСАДЫ (ВИДЕО)

Никосяға астаналықтар мынадай құраммен аттанған:

Қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов;

Қорғаушылар: Марин Аничич, Юрий Логвиненко, Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Евгений Постников;

Жартылай қорғаушылар: Ласло Кляйнхайслер, Иван Маевский, Бактиер Зайнутдинов, Ричард Алмейда, Педро Энрике, Марин Томасов, Серікжан Мужиков;

Шабуылшылар: Алексей Щеткин, Джуниор Кабананга, Рангело Янга, Роман Муртазаев, Владислав Прокопенко.

«ЛИВЕРПУЛЬ» САЛАХТЫ ПОЛИЦИЯҒА ҰСТАП БЕРДІ (ВИДЕО)

Еске сала кетсек, ойын 23 тамыз күні Астана уақытымен 23:00-де басталады. Матчты тікелей эфирде QazSport телеарнасынан тамашалауға болады. Ал қарымта кездесу 30 тамыз күні Астанада өтеді деп жоспарлануда.

ӘЧ-2018-ДЕ ОЙНАҒАН «АСТАНА» ФУТБОЛШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨМІРІ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ (ФОТО)

Қос клубта Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің үшінші раундында сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Еуропа лигасына түскен болатын. Қазақстандық клуб үшінші кезеңде загребтік «Динамодан» екі ойынның нәтижесі бойынша 0:3 есебімен жеңіліп қалған. Ал кипрлік клуб ливалық «Судувадан» (2:3) ұтылып қалды. Еске сала кетсек, литвалық клубты қазақстандық маман Владимир Чебурин жаттықтырады.

РОНАЛДУ «ЮВЕНТУС» САПЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ГОЛЫН САЛДЫ (ВИДЕО)

«Астана» мен АПОЭЛ бұған дейін де кездескен көзтаныс командалар. 2015 жылы «Астана» АПОЭЛ-ден басым түсіп, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан еді. Ал келесі маусымда қос команда өз үйлерінде бір-бірін жеңіп, тең жағдайда тарқасты.

Алдағы матчқа астаналық ұжымды украин маманы Роман Григорчуктың баптайтыны әлі белгісіз болып отыр. Ол командаға 1 маусым күні бас бапкер болып тағайындалған. Ал «Динамодан» жеңілген соң уақытша өз қызметінен кеткен еді. Оның міндетін Григорий Бабаян уақытша атқаратын болады.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*