Азиада-2018: Семсерлесуші Дмитрий Алексанин – чемпион

896
0
Бөлісу:

Джакартада жазғы Азия ойындары басталды. Жарыстың алғашқы күні ел құрамасы бір алтын, бір күміс, екі қола медаль иеленді.

Семсерлесуден Дмитрий Алексанин Азиада чемпионы атанды. Қылыштасу жарысының топтық кезеңінде 1/16 финалда таиландық Коракоте Жиенгамуаичайды, 1/8 финалда қырғызстандық Роман Петровты, ширек финалда вьетнамдық Ден Нгуеинді жеңді. Жартылай финалда Алексанин Азия чемпионы, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері оңтүстік кореялық Чон Джин Сонды жеңді. Финалда тағы бір оңтүстік кореялық Пак Сан Йонгпен (Рио олимпиадасының чемпионы) кездесіп, жеңіске жетті.

Қосымша мәлімет: Әлем кубогі езеңінің қола жүлдегері (2012 жыл), Универсиаданың қола жүлдегері (2013 жыл), екі дүркін Азия чемпионы (2013, 2015 жылдары), Азия ойындарының қола жүлдегері  (2014 жыл), Азия біріншілігінің үш дүркін күміс жүлдегері (2012, 2018 жылдары), Азиада чемпионы (2018 год). ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2012 жылғы Лондон олимпиадасының қатысушысы.

Естеріңізге сала кетсек, жарыстың бірінші күні еркін күрес балуандары Данияр Қайсанов – күміс, Саятбек Оқасов пен Әділет Давлумбаев қола жүлде алды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*