Азиада-2018: Давлумбаев қолаға қол жеткізді

859
0
Бөлісу:

Индонезияның астанасы Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарының бүгін – бірінші күні. Жарыс жолына шыққан еркін күрес балуандары үш медаль еншіленді. Алғашқы күнді 86 келіде үшінші орын иеленген Әділет Давлумбаев қола жүлдемен тәмамдалды.

Давлумбаев алғашқы айналымда тәжік спортшысымен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Ширек финалда ауған балуанын ұтты. Дегенмен жартылай финалда ливандық спортшыдан жеңілген еді. Қарсыласы ақтық мәреге жолдама алғанына байланысты қолаға таласуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде қырғыз балуанымен белдесіп, 0:3 есебімен басым түсті.

Әділет биылғы ел біріншілігінің жеңімпазы, Бішкекте өткен Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Әскерилер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен бірге, 74 келіде Данияр Қайсанов – күміс, 65 келіде Саятбек Оқасов қола медаль иеленген еді. Осылайша, балуандар жарыстың бірінші күнінде үш жүлдеге ие болды. Бірінші күні кілемге шыққан спортшылар саны бесеу еді. Жандос Исмайылов пен Бақдәулет Әлментай жеңіс тұғырына шыға алмады.

Жадыра АҚҚАЙЫР

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*