Азиада-2018: Оқасов – қола жүлдегер

939
0
Бөлісу:

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында Саятбек Оқасов қола жүлдеге ие болды. Еркін күрес балуаны 65 келіде белдеседі. Бұл – балуандардың бірінші күні иеленген алғашқы жүлдесі. Алда алтын мен қолаға таласатын екі белдесу күтіп тұр.

Оқасов 1/8 финалдан бастап белдесті. Алғашқы айналымда кәріс балуаннан, ширек финалда этникалық қазақ, ҚХР-дың атынан жарысқа қатысқан Ерлан Қатайдан басым түскен еді.  Жартылай финалда Даичи Такатанинден жеңілді. Қола үшін белдесуде қарсыласын 2:5 есебімен ұтып, қола жүлдегер атанды. Естеріңізге сала кетсек, бүгін – Азиаданың алғашқы күні. Алда 86 келіде Әділет Давлумбаев қолаға, 74 келіде Данияр Қайсанов алтын медаль үшін белдеседі.

Қосымша мәлімет: Оқасов – Азия чемпионы, биылғы ел біріншілігінде бірінші орын иеленген, Бакудегі Гран-при мен Александр Медведь турнирлерінің жеңімпазы.

Жадыра АҚҚАЙЫР

Бөлісу:

Пікір жазу


*