Теңізшілер куәлік алуда

610
0
Бөлісу:

Қазақстанда қанша теңізшінің барлығы мәлім болды. Елімізде теңізшінің жеке куәлігін беру жүйесі сынақтан сәтті өтті. Бұл еліміздің төл теңіз көлігі саласын дамытудағы маңызды қадам саналады.

Бұл ретте ең алдымен теңізшінің жеке куәлігін жасау, беру және бақылау жүйесіне (ТЖКб жүйесі) аттестациялық зерттеу өткізілген. Оған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тарапынан оң баға берілді. Осылайша, ТЖКб жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізіліп отыр.

Қазіргі уақытта бұл жүйе арқылы теңізшілерге 1193 құжат беріліп болды. Тағы 1231 құжатқа өтініш қабылданды.

«Теңізшінің жеке куәлігі әскери кемеден басқа кез келген теңіз кемесі бортында жұмыс істейтін немесе жүзу практикасынан өтетін жеке тұлғаға беріледі», – деп түсіндірді Инвестициялар және даму министрлігі.

Теңізшінің жеке куәлігі 5 жыл мерзімге беріледі.

Ерік Ерденов

Бөлісу:

Пікір жазу


*