Сағадиев: 109 мамандық қысқарады

1154
0
Бөлісу:

Келесі жылдан бастап колледждердің рейтингі жасалады. Соған қарай әрбір колледждің оқу бағдарламасы да, мемлекеттік тапсырыстың көлемі де өзгереді.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Тамыз конференциясының пленарлық мәжілісінде колледждің көрсеткіші төмен болса, онда ол бағытта маман даярлау тоқтатылатынын айтты. «Қазірдің өзінде кәсіби-теxникалық білім саласында бір-бірін қайталайтын, нарықта ешбір сұраныс жоқ 109 мамандық қысқартылды. Соның нәтижесінде, 66 колледждің салалық бағыты өзгерді. Ал 20 оқу орны бір-біріне қосылды. Осы саладағы жұмыс жалғаса береді.

Біз жас мамандардың жұмысқа тұру көрсеткішіне баса назар аударамыз. Мамандыққа дұрыс үйретпесе, түлектер жұмысқа тұра алмаса, ол мамандықтың лицензиясын кері қайтарамыз. Былтырға қарағанда биыл мемлекеттік гранттардың саны 10 мыңға артты. Биыл тағы 20 мың грант бөлінді. Демек, онымен бірге жоғары оқу орындарының жауапкершілігі артады. Біз білім сапасына баса назар аударамыз. Біріншіден, жас мамандардың жұмысқа тұру рейтингі бойынша әрбір жоғары оқу орнының жұмысын бағалаймыз. Егер аталған көрсеткіш төмен болса, онда сол мамандық бойынша лицензияны кері қайтаратын боламыз. Бұл – басты көрсеткіш. Себебі, нарықта әрбір түлекке сұраныс болуы тиіс» деді министр Ерлан Сағадиев.

«Айқын» ақпарат  

Советбек Мағзұмов (фото)

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*